Абайға арнау

         
      Биыл халқымыздың ұлы ақыны, философы, композиторы, данышпан, ғұлама, қазақты әлемге танытқан Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толып отыр. Осыған орай:
    «Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен»  - деп Мұқағали жырлағандай, «Шабыт» әдеби өмір клубы мүшелерінің ақынға арнаған жүрек жарды өлеңдерін ұсынамыз.



Абай атама
Қазақ елінде дара туған бір адамзат,
Талайға үлгі берген бір парасат.
Сөйлесе сөз мәйегін түгендеген,
Әлемге даңқы жеткен бір ғаламат.
Сұм заманда жылан өмір жанын шаққан,
Лашын құстай тырнағын қысып баққан.
«Қалын елім қазағым» - деп тебіренген,
Осы еді ғой өзгеңді өртеп жаққан.
Ұшаң теңіз ақылы көп дария асқан.
Толқындау буырқанып тасып қатқан,
Қайнардан суы ағып бұлқынғанда,
Сусағанды қандырып, шөлін басқан.
Әндері кестелі, өлеңдері жібек жіп,
Айшықтаған асыл сөзбен аныққып.
Аштырып құлыптағы жүйрік сөзін, 
Тоқимыз інжуленген маржандай ғып.
Айтары артық биік шыңменен тен,
Ұлтықтың алға басар тірек сұраны сен.
Болғанда бойға азық әрбір сөзің,
Жамбырдың нөсерлеген нұрымен тең.
Болашаққа жол ашып, күн нұрындай.
                                                                                     Азирахмет Әсемгүл

Абай дана қазақта!
Дана Абайды қазақ деп мақтанамыз.
Абайды айтса жүрекпен шаттанамыз
Қарсы тұрып қиындық дауылына,
Беттей білген ызғарлы жауынына.
Халқы сенген Абайды пір тұтады,
Өрлей білген ниетпен қауымына.
Аға жыры найзағайдай қуатты.
Еңбек пенен білімге көңіл бөліп,
Еңсесі жоқ елін дағы уатты.
Лириканы жаны сүйген атамыз,
Оқығанда жалын отқа жанамыз.
Ел тағдырын жан – жағынан жырлаған
Бізде оған қамқоршымыз, панамыз,
Орыстың көп жырларын аударған,
Бар ұлттарды өз әнімен жаулаған.
Ғалым әрі, дарын болған Абайды,
Бар оқырман махаббатпен баулаған.
Бұл да бір ойдын өзегі
Ғибратты беру көзделген,
Ғақлия дана көздері.
Бұл ойды Абай көшірген,
Сан жылдық өмір көшінен.
Бұл сөзде барлық ой жатыр,
Ғаламнын кезін өшірмен.
Барлық жыр айтылған қара сөздерде,
Барлық күй шертілген қара сөздерде,
Бар маңын сыйғызып бейне
Абай ғой тулатқан қара сөздерде.
Жүрекпен ауырған Абай атамыз
Біз оны қалайша ұмытып қайтамыз,
Елінің ертеңіне төрінен байытамыз.
Абай ата өмірде жасымағың,
Еске алғанда сезінемін жүрегімнің басылғанын.
Екінші өмір кешуде асыл дарын.
Біз әзірге балғынбыз, жас баламыз,
Әлі талай ағалардай асуларды аламыз.
«Болмасаңда ұқсап бақ» деген Абай,
Ұрпағымыз сол үшін мақтанамыз!              
                                                                                               Кәкен Перизат


Абайға арнау
Руынан тобықтының жаралғансыз,
Ұрпағын Құнанбайдың жалғағансыз.
Өсиет сөз қалдырған қазақтарға,
О, ұлы Абай, недеген данышпансыз?
Елінде қазақтардан ақындар көп,
Бірақ сіздей ұлы ақын бұл елде жоқ.
Сіз қалдырған нақыл сөз жиынында,
Алла жайлы айтылған кездері көп,
Сіз едіңіз ұлы ақын ел таныған,
Өлең жаздың қазақтарға аз жадынан,
Тек қана өлең емес жазғаныныз,
Қара сөздер жиыны бар сіз қалдырған.
Тәнінің жер астына енседағы,
Қазаққа арнап жазған өлеңдерін,
Мәңгілік мына біздің есте қалды.
Уа, халайық, ұмытпайық  Абайды.
Өленімен сыйлады ол таң шуағын арайлы,
Сол себепті ұмытпайық өлеңдерін Абайдың,
Ұмытсан сен өлеңдерін, ұмытқаның Абайды. 
                                                                                          Ережеева Ақтоты


Ұлы Абай
Өлең десе жүрек жоқ толқымайтын,
Қамал  жоқ ешқашанда алынбайтын.
Абай деген дана бар бұл қазақта,
Қазақ халқы не болсада ұмытпайтын.
Ақын болып алсаң егер сөзді жалғай,  
Дамуына көмек берсін жалғыз Құдай.
Қырық бес қара сөзден асырып көр,
Қалың жұртқа ұсынған сыйлығындай.
Өлең менен Абай деген егіз ұғым,
Дұрыс па,қате ме әлде менің мұным.
Басқалар не айтса да айта берсін,
Шын жүректен жазылды менің жырым.
                                                                                           Оспанов Ерлан


Абай мен Шәкәрім
Абай мен Шәкәрім Құдайберді,
Биік самғап, ақындығы биік ұшты.
Екі ақынның ақылы таудай биік,
Ешкім жетпес оларға асып биік.
Абайдың қара сөзі, ақындығы,
Естелік болып, қалады қара сөзі,
Өсиетпен тең болып қалғаны,
Ақылы мен білімі, ынтымағы,
Шәкәрім Құдайберді атына сай,
Ақылы мен білімі көбісі бай.
Асқар таудай шыңына ешкім жетпес,
Шәкәрім атына ешкім кір келтірмес.
Шәкәрімде, Абай да бір тұлға,
Ағайынды болса да, бір ақын да.
Абай Шәкәрімді оқытты да,
Шығарды одан да бір дана да.
Екеуі де қазақтың тіліне бай,
Жанып тұрады әрқашан шоқ жұлдыздай.
Бізге ақыл қалдырды екі ақын.
                                                                                     Бахриденова Зарина



Комментариев нет:

Отправить комментарий