Дара туған, дана тұлға.

Құрметті блог қонақтары!

   «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған» депті ұлы ақынның өзі.  Абайдың өзі даналықтың өлшемі болып табылады. Ақынның мол мұрасы талай зерттелген, әлі де зерттеле береді. Төменде философ-ақынның шығармашылығын зерттеген ғалымдар туралы ақпарат беруді жөн көрдік.
   Абайтану бүгінде әдебиеттану ғылымының үлкен бір арнасына айналды. Абайтанудың іргесін қалаған Ә.Бөкейханов екен.  Әлихан Бөкейхановқа Абайдың өмірбаяны туралы деректерді  Абайдың інісі Ысқақтың баласы Кәкітай  беріпті.     Бөкейхановтың осы деректер негізінде жазған  (Ибраһим) Құнанбаев»  атты мақаласы орыс тілінде ең алғаш  рет 1905 жылы «Семипалатинский листок» басылымныда жарық көріпті.
Абай мұрасын алғаш зерттегендердің бірі -  Ахмет Байтұрсынов. Байтұрсыновтың  «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласы 2013 жылы «Қазақ» газеті бетінде жарияланған. Мақалада Абайдың жалпы тарихта қалдырған ізі, рухани жан-дүниесі, өлеңдерінің ұлттық сөз өнерінде дамытуда алатын орны көрсетілген.  сыншылдығын ұғындырды.
   Ахмет Байтұрсынұлының  Абайдың ақындық шеберлігі, поэзияға деген көзқарасы туралы ғылыми тұжырымдарының жалғасын М. Дулатұлының  1908 жылы «Уақыт» газетінде жарияланған Абайға арналған мақаласында  тапты. Ол ақынның шығармашылығы, ақын өмір сүрген сол заман суретінен бастап, Абайдың орыс әдебиетімен, оның ішінде Лермонтовтың шығармашылығымен үндес екеніне назар аударды.  1914 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Абай» атты мақаласында, Абай мұрасын қадірлей білмеу, оны ескермеу қазақ халқы үшін үлкен кемшілік деген тұжырым жасайды.
    Қазақ әдебиеті кафедрасының іргетасын қалаушылардың бірі – Мұхтар Омарханұлы Әуезов. М. Әуезов әлемге әйгілі «Абай жолы» эпопеясының ғана авторы емес, ақынға арналған зерттеу еңбектердің де авторы. Оның «Абай Құнанбаев», «Абайтанудан жарияланбаған дәрістер», «Абайтану дәрістері», «Абайтану оқулары» атты еңбектері болғаны белгілі.
 Ұлы Абайдың шығармашылығын зерттеуге арналған «Абай Құнанбаев» атты монографияны Сәбит Мұқанов жазыпты. Бұл еңбек Абаймен жақсы танысу, оны терең білуге себеп болары сөзсіз.  Абайтанумен айналысатын зерттеушілерге де қажет жұмыс.
     Рабиға Сыздық өзінің абайтануға арнаған әр жылдары жарық көрген монографияларын «Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі» атты басылымында біріктіреді.
    Тәкен Әлімқұлов Абайға  «Жұмбақ жан» деген әдеби-сын зерттеу жұмыстарын арнаған.Бұл ақынның шығармашылығына арналған құнды дүниенің бірі.
   Байды танып білуге Мүсілім Базарбаев
2012 жылы жарық көрген Ғ. Есімнің «Хакім Абай» атты кітабы ұлы ақынның шығармаларындағы терең ой, астарлы шындықпен таныстырады.
Абайдың музыкалық шығармаларына Ахмет Жұбанов «Абайдың музыкалық мұрасы» атты мақаласын арнады. 

   1995 жылы жарық көрген «Абай энциклопедиясы» әрбір кітапханадан табылады, Мұнда Р.Сыздықова, Т.Әлімқұлов, А.Нұрқатов, М.Мырзахметов, М. Қаратаев,  Ж.Ысмағұлов, З.Ахметов, З.Қабдолов, Ғ.Есім, Т.Қожакеев, Ғ.Мұқанов, Е.Смайылов және басқа да ғалымдардың зерттеулері, Абайтану ғылымына елеулі үлес болып қосқылған  мол деректер, құнды ой-пікірлер жинақталды.

Комментариев нет:

Отправить комментарий